Hовости ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі  Отырар көшесі 1/2 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Лауазымдық міндеттері:

- ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;

- ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді;

- мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

- сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Мыналарға жауапты болады:

- қаржы-шаруашылық қызметіне, мүліктің сақталуына;

- таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функциялары үшін.

Білуге ​​тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

         Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде www.e-qazyna.kz тізілім веб-порталында ресімделген және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қойылған, қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда ресімделетін түйіндемені қоса отырып,                     1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді электронды түрде береді.

         Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады.

          Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін                 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

 

Конкурсқа қатысуға өтініш


Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім