Бірлескен мұражайлар дирекциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Іс-шара барысында Жолдауда көтерілген басты бағыттар мен стратегиялық міндеттерге кеңінен тоқталып, олардың ел болашағы үшін маңыздылығы атап өтілді.Жолдауда айтылған бастамалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін берері сөзсіз.
Жиын соңында қатысушылар Ел Президентінің Жолдауын толық қолдайтындықтарын білдіріп, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.
