2025 жылғы 8 шілде күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Германиядағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының қатысуымен «Есте сақтау, ұлықтау» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Лотта Райсстың Карлагта 1946 жылы туылған ұлы Конрад Райсс, ғалым, репрессия тақырыбын зерттеуші Владислав Хеделер, сонымен қатар Астана қаласында тұрып жатқан «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітай Тәтімованың немересі Сырым Ғаббасов, «АЛЖИР» тұтқыны Мағрифа Қазбекованың немересі Зәуре Оспанова және Евгения Цой-Опеньконың қызы Надежда Хван репрессияға ұшыраған туыстары жайлы естеліктерімен бөлісті.